KazTourism
Құрылған күні
XI-XII ғғ

Алаша хан кесенесі

Алаша хан кесенесі
Қазақстанның орта ғасырдағы сәулет өнерінің маңызды тарихи ескерткіші

Әлбетте ғасырлар бойғы тарих ұрпаққа мұра қалдырмай қоймады. Нақтырақ айтқанда Алтын орда дәуірінен бері сәулет өнерінің небір мұрасы бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ерте орта ғасырға (ХІ-ХІІ ғасырлардағы) жататын осындай ежелгі ескерткіштердің бірі ретінде қазақ руларының қолбасшысы – Алаша ханның кесенесі саналады. Оның атағы өз тұсында жер жаһанды дүр сілкіндіріп тұрды. Қазақтың үш жүзге бөліну тарихы да сол ханмен байланысты деген аңыз да бар. Қазіргі көптеген халықтар (башқұрттар, қырғыздар, қарақалпақтар), қазақтар да Алаша ханды түпкі ханымыз деп санайды.

 Кесененің өзі орта ғасырда іргесі қаланған құрылымдардан қарағанда едәуір ерекшеленеді. Ал оның сәулеттік стилі – Орталық Азияда өте сирек кездеседі. Дәл сол стильдің арқасында ол монументалды сипатта, салтанатты әрі сенімді көрінеді. Нақты үйлесім, ауқымды зер, алты бұрышты бағана, айбарлы арка – даланың қаталдығын паш етер шығыс колориті іспеттес. Өте керемет әсер аласыз.


3D тур



Қалай жетуге болады