KazTourism
Құрылған күні
XIII-XVI

Сарайшық қалашығы

Сарайшық қалашығы
Қазіргі Сарайшық – Қазақстан Республкасының ұлы мұрасы және біздің ата-бабаларға деген құрмет.

Сарайшық қалашығы Қазақстан аумағындағы ең ежелгі ескерткіштердің бірі саналады. Оның жасы мыңжылдықтармен есептеледі. Алтын Орда мен Қазақ хандығы тұсында негізгі керуен жолдары өтетіндіктен қаланың сауда жағынан маңызы өте зор болған. Тоқсаныншы жылдары жүргізілген қазба жұмыстары барысында археологтар бұл қаладан ою-өрнекті және алтынмен аптала жазылған керамикалық ыдыстардың қалдықтарын, қыш-құмыра өнерінің үлгілерін тауып алған. 1999 жылы дәл осы жерде «Хан ордасы» мемориалдық кешенінің негізі қаланған еді. Оған хандық пантеондар, жергілікті орындарды зерттеу барысында табылған экспонаттары бар мешіт пен музейлер енген болатын.

3D тур



Қалай жетуге болады