KazTourism
Құрылған күні
ХII ғғ

Сайрам қалашығы

Сайрам қалашығы
Ежелгі қала инфрақұрылымының жарқын үлгісін Сайрам қалашығы деп толық айтуға болады. Қазір бұл қалашық Шымкент қаласының тұрғын алабы саналады.

Сайрамның алғашында ерте орта ғасырдағы тарихи жазба деректерде Испиджаб деп аталған. Сонау ертедегі кезеңде қала – Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда және мәдени орталық болған. Сол себепті бүкіл көшпелі өркениет үшін экономикалық және саяси маңызы зор еді. Міне сондықтан дәл осы қалашықтан орта ғасырдағы тарихи көрнекі орындар: сәулеттік кешендер мен құрылымдар, кесенелер, көптеген қасиетті бейіттер бар. Әсіресе Базалақ-ата мешітінің төбесі – 12 ғасырға жататын мұнара ерекше құрметке ие. Сонымен бірге қазіргі Сайрам зиярат ететін орынға және ашық аспан астындағы бірегей музей саналады. Бұл жерде наным-сенімге сенетін адамдар ғана емес, Қазақстанның тарихына қызығатын кез келген адам уақытын қызықты өткізе алады.




Қалай жетуге болады