KazTourism
Монгол империясы құрамындағы Жошы Ұлысы (1206-1269)

Алтын Орда туралы

Алтын Орда туралы

2019 жылы Алтын Орда – ұлы мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толды. 1269 жылы Талас құрылтайында Шыңғыс хан (Шыңғысхан) ұрпақтары жиналып,  үш ұлыстың билеушілері билік жүргізетін салаларды өзара бөліске салды және  олар көшпенді билігі қалалар мен отырықшы елді-мекендерді қиратпайтындығына ант берісті. Айта кетсек, бұл ант бұрын да болған. Осы күннен бастап Монгол империясының негізін қалаған Шыңғыс ханның үлкен ұлының атымен аталған Жошы Ұлысы жеке мемлекет мәртебесіне ие болды.

Монгол империясы құрамындағы Жошы Ұлысы (1206-1269)

Жошы Ұлысының алғашқы биеушісі Шыңғыс ханның үлкен ұлы болды. 1206 жылы Шыңғыс хан құрылтай жасап Монгол империясын құрды. Осы құрылтайда Шыңғыс хан өзінің ұлы Жошыға 9 мың отбасы тұратын ұлысты бөліп, билеуге береді. Осыдан кейін бір жылдан кейін Жошы қырғыздар мен Сібір ормандарында мекен ететін басқа да тайпаларға жорық жасап, оларды Ұлыс құрамына кіргізеді. Жошы Ұлысы Монгол империясы Батысқа қарай кеңейе бастағанға дейін шағын аумақта болды.

1225 жылы Шыңғыс хан армиясы Қазақстан мен Орталық Азияның барлық территориясын басып алғаннан кейін Ұлыстарды қайта бөлу жүргізілді және Жошы Ұлысының шекарасы ұлғайды. Ал Жошы қыпшақтардың билеушісі болды. Ұлыстың жаңа шекарасы Қазақстанның барлық территориясын, сондай-ақ қазіргі Түркіменстанның жекелеген аумағын және Өзбексанның аз бөлігін (Хорезм және Аралмаңы территориясын) қамтыды. Шошы Ұлысының шекарасы шығыста Қойлық қаласынан (қазіргі Талдықорған маңы) басталып батыста Саксин қаласы (қазіргі Астрахан маңы) аяқталды.

1227 жылы Жошы қайтыс болып, оның орнына Жошының ұлдары Бату мен Орда Эджен тең билеуші болып қалды. Бату Ұлыстың батыс бөлігіне, ал Орда Эджен шығыс бөлігіне билік жүргізді.

1235 жылы ұлы Батыс жорығы басталды. Бұл жорықтың негізгі мақсаты - Еуразияның батыс бөлігін жаулап алу және Батыс Еуропа мемлекеттерін бағындыру туралы «Шыңғыс ханның өсиетін» жүзеге асыру. Шыңғыс хан әскерлерінің Батыс Еуропаны жаулап алу жорығы 1242 жылы Үгедей ханның қайтыс болуына байланысты аяқталды. Үгедейдің негізгі мұрагерінің бірі Күйік пен Батудың ара қатынасы өте нашар болды.

Бату ол кезде Шығыс Еуропа территориясының басым бөлігіне өзінің билігіне бағындырып, көптеген жергілікті халық оған бағынды. Бату Күйікпен әскери қақтығыстан қауіптеніп, екінші жағынан ыңғайлы болғаннан кейін өзінің Ұлысын Еділ өзенінің жағасына орналастырды. Өзен жағасында жаңа қала құрылысы жүріп, ол Сарай деген атауға ие болды. Бату Жошы ұлысының әкімшілік-территориялық құрылымына реформалар жасау керектігін айтты. Батыс жорығынан кейін Бату Жошы ұлысының әкімшілік-территориялық құрылымында Батыс жорығында жаулап алынған аумаққа билік жүргізумен байланысты бірқатар реформа жасады.

Осы кезде Монгол империясында Күйік пен Бату арасында азаматтық соғыс басталардың дәл алдында тұрды. Алайда Күйіктің қайтыс болуы, Батуды империядағы ең мықты саяси ойыншы ете түсті. Ол таққа өзінің немере ағасының баласы әрі досы Меңгуді отырғызды.

Бату (хан титутын иемденбеген) жоғарыдағы Монгол хандығына формальды бағынса , оның беделі бәрінен биік болды. Ол өз Ұлысының жеке билеушісі ғана болып қоймайғ көршілес Ұлыстарға да оның ықпалы тиетін. 1255 жылы Бату қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Сартақа Монгол империясының орталығына толық бағынышты болды. Жошы Ұлысының тағына отырған жас бала  Улақшы орталық билік үшін өте ыңғайлы еді.

1259 жылы Меңгу хан мен Улақшының бір уақытта қайтыс болуы Жошы Ұлысын алғаш рет қатты саяси дағдарысқа ұшыратты. Нәтижесінде билік Ұлыс басқарушысы Беркеге өтті, алайда ол хан титулын алған жоқ. (шамамен 1261-1266 жылдар).

1262 жылы Монгол империясында азаматтық соғыс басталады. Беркенің немере ағасының баласы Хулагу Алтын Ордаға шабуыл жасайды. Русьтар Берке билігіне қарсы шығады. Берке Хулагудың әсеріне қарсы тұру үшін жеткіншектерді әскерге дайындайды. Берке өзінің геосаяси тұрғыдан «жалғыз» екенін сезініп, 1263 жылы Мысырмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. 1264 жылы Арғы Бұғы жеңілгеннен кейін Берке Багдат халифы атынан монета шығырып, өзін Құбылайдан тәуелсіз етіп көрсеткісі келеді.

Осылайша Жошы Ұлысы Беркенің 1269 жылы Талас құрылтайында Монгол империясының ресми құлауына күш салуымен 1263-1264 жылдары Монгол империясынан тәуелсіздік алды.

1266 жылы Берке қайтыс болады оның орнына немересі Меңгу-Тимур хан болады. Ол хан титулын иемденіп және өз атынан монеталар шығара бастайды, сондай-ақ Жошы Ұлысын 1269 Монгол империясынан тәуелсіз етіп жариялауға дайындайды.


1269 Жыл
1313 Жыл
1359 Жыл
1380 Жыл
1419 Жыл
1440 Жыл
Жошы Ұлысы - тәуелсіздік алу кезеңінің басы (1269-1313)

Жошы Ұлысының алғашқы ханы Батудың немересі Меңгу-Тимур болды. Түркі халқы оны Келек хан деп атады. Ол Берке тірі болған кезде заңды тақ мұрагері болып саналды. Таққа отырған Меңгу-Тимур хан тутулына ие болып (бұған дейін Жошы Ұлысының билеушілері мұндай титулды ешкім алмаған) өз атынан жеке жапсырмалар мен монеталар соғып шығара бастады, бұл тәуелсіз мемлекет билеушісінің белгісін көрсетті. Оның билік құру кезеңінен бастап жошылық монеталар Алтын Орда билеушісінің жаңа титулы – «ұлық хан» және «Бату ұрпақтарының (босағасының) таңбасы» атауларымен шыға бастады, бұл мемлекеттің тәуелсіздігін көрсетті.

1269 жылы өткен Талас құрылтайынан кейін Жошы Ұлысын  бұрынғы «бауырлас» ұлыстар тәуелсіз мемлекет деп таныды. 1269 жылы тәуелсіздікке ресми қолжеткізген Жошы Ұлысында реформалар жүріп, экономика өсе бастады.

Меңгу-Тимур таққа отырғаннан кейін бірден бүлікшілерге қарсы жорық жасады. Меңгу-Тимур хан тұсында Жошы Ұлысының барлық территориясы бойынша билік нығайды. Осы себептен Алтын Орда экономикасының дамуы жаңа қарқын алды. Халықаралық сауда-саттық өсіп, жаңа қалалар салына бастады, ескі орталық қалпына келтіріліп, Қырымда генуэзстік сауда факторлары пайда болды.

Талап құрылтайындағы 1269 жылғы келісім бойынша үш ұлыстың билеушілері өздерінің көшпенді билігі бұрынғыдай жаулап алынған қалалар мен отырықшы елдімекендерді жойып жібермеуге тағы да ант берісті. 1268 жылы Жошы Ұлысы мен Мысыр арасында дипломатиялық қарым-қатынас нығайды. Меңгу-Тимур 1270 жылы Мысырдың мәмүлік сұлтандарының ильхан титулын алу талаптарын заңды деп мойындады.

1275 жылы Меңгу-Тимур хан вассальды және ұлысқа бағынатын территорияда салық алу көрсеткішін анықтау үшін Жошы Ұлысында, оның ішінде орыс княздығында халық санағын өткізді.

Меңгу-Тимур билігі тұсында оң қанаттағы Жошының шөбересі Ноғай билігі күшейді. Оның генеалогиясы былай айтылады: Ноғай, Татар ұлы, Бувала ұлы, Жошы ұлы. 1277 жылдың қысында Меңгу-Тимур хан орыс әскерлерін жинап Кавказ тауларында мекен ететін алан мен черкестарды жаулап алды. Меңгу-Тимур билік еткен кезеңді  Жошы Ұлысының (Алтын Орда) тәуелсіз дәуірінің басы деп айтуға толық негіз бар. Меңгу-Тимур хан 1282 өңешінде жарадан көз жұмды.

Меңгу-Тимур хан көз жұмғаннан кейін, орталық биліктің ықпалы әлсіреп таққа оның кіші інісі Туда-Меңгу отырды. Туда-Меңгудің билікке келуіне Ноғай мен Берке мен Меңгу-Тимурдың жесірі Жиджек қатын қатты ықпал етті.

Туда-Меңгу мұсылман дінін қабылдаған және өзін суфии деп атады. Мысыр сұлтандары бұл фактіні қуанышпен қабылдап, 1284 жылдың наурызында Туда-Меңгудің таққа отыруына байланысты мысыр сұлтандары құттықтау мен көптеген сыйлық жіберді. Туда-Меңгу билігі кезінде Алтын Орданың элитасының ислам дінін қабылдау процесі қарқын алды.

Кейбір деректерге қарағанда, Туда-Меңгу тақтан өз бетімен бас тартқан. Осыдан кейін Жошы Ұлысының билігіне жошылықтардың жаңа толқыны келді. Бір мезетте Туда-Меңгу ханның ағасы Тарбудың ұлдары Тула-Бука және оның туған бауыры Көншек және Меңгу-Тимурдың ұлдары Алгу мен Тогрул хан болып, билік жүргізді.

1291 жылы олар Ноғай мен Тоқты (Меңгу-Тимурдың ұлы) коалициясын құлатты. Тоқты таққа отырғаннан кейін бұған дейін жүргізілген саясатты жалғастырды және православ шіркеуінің артықшылығын мойындады және оларды алым-салықтан босатты. Ал Тоқтының өзі нағашы , атасы мен әжесі, нағашы ағасы сияқты буддизм дінін ұстанды. Ал Ноғай мұсалман дінін қабылдады. Діндердің қайшылығы басында проблема болған жоқ. Кейін уақыт өте келе Ноғай мен Тоқты келісімге келе алмай, азаматтық соғыс басталды.

1299 жылы Тоқты Ноғай билігін жауап алуға аттанды. Шешуші шайқас Днепр өзенінің бойындағы Ноғайдың ескі кигізүйі орналасқан  Қоқанылық елді мекенінде болды. Шайқан күні бойына жалғансып, Ноғай жеңіліп қалды. Шау тартқан Ноғай тағдырына бой ұсынып, қарапайып сарбаздың қолынан қаза тапты. Осы жеңістен кейін Тоқты елордаға оралды.

Тоқты билік құрған соңғы жылдары ұлыстағы элитаны өзінің бақылауына алды. Жошы Ұлысында орталықтан басқару нығайып, саяси тұрақтылық пен тәртіп орнады. Кейінгі ұрпақтарға қалған аңыздардың бірінде «Тоқты билік еткен кезеңде Ұлыстағы барлық халық ауқатты әрі бақытты өмір сүрді» деп жазылған. Тоқты билік құрған соңғы жылдары оның сенімді серіктерінің бірі әрі бауыры Бурлық қайтыс болады, ал Тоқта қайтыс болардан бір жыл бұрын ханның ұлы және мұрагері Ілбасар көз жұмады.

Алтын орданың алтын ғасыры (1313-1359)

Тоқты хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына таққа ағасының ұлы Өзбек отырады. Өзбектің әкесі Тұғырылды Тоқтының өзі 1291 жылы өлтірген еді. Өзбектің өзін өгей анасы Баялун (Тұғырылдың әйелі) оны Жұлат Шеркес ұлысына (Батыс Кавказ) жіберіп, аман алып қалған. Өзбек Тоқтының өлімінен соң хан тағына таласады

1312 жылы Тоқты Хулагуиттармен шектесетін  тұста армиясына ханзада Өзбекті бас қылып, өзі Сарайға оралады. Ол Курну аймағында қайтыс болады. Құрылтайда Тоқтының екінші ұлы Тұқ-Бұқа ұйғырлардан шыққан Байжыр әмірмен бірігіп, Исан-Бұқаның құқығы үшін талас жүргізіп, хан болып сайлануда басты үміткер болып шықты. Бұл уақытта Өзбек құрылтайға қатысуға бара жатқан еді. Құрылтайда отырған оның жиені Құтлұқ-Темір Өзбек ханға оны өлтіру туралы жоспарды айтып, хабар береді. Құрылтайға келген Өзбек пен қият Исатай Тұқ-Бұқа мен ұйғыр Байжырды өлтіреді. Нақты деректерге қарағанда, Тұқ-Бұқа мен оның әмірі Мәджі Өзбекті өлтіруді жоспарлаған. Шындығында Өзбекке қарсы қастандық болды ма, болмада ма нақты дәректер жоқ тек, тек Тұқ-Бұқа ұйғырлардан шыққан Байжырдың өлтірілу себебі жайлы түрлі нұсқалар бар. Бұл қантөгістен кейін Тоқтының әйелі Баялун астыртын келісім жасап, құрылтайда Өзбекті хан етіп сайлауға қол жеткізеді. Таққа отырғаннан кейін ғана Өзбек хан ислам дінін қабылдап, мұсылман емес қауыммен соғыс жүргізумен қатар Жошының 16 ұлының (Жошы мен Орда ұрпақтары, шайбандықтардан басқа) ұрпақтарын биліктен айыруға қатысты әкімшілік реформа жүргізе бастайды.

Өзбек ханның саяси реформалары Алтын Ордадағы классикалық дәуірінің басы деуге болады. «Көшпенді банидеттерді» жою (шошылықтардан ұлыстарды алу) Алтын Орда экономикасының өсуіне алып келді және ел аумағында тұрақтылық орнады.

Тоқты билік құрған кезде ұлыстың басым бөлігі Тоқтының жақын туыстарын билік басына тағайындау арқылы Бату ұлысына ықпалдастырылған еді. Жалпы саяси жүйе өзгерген жоқ, жаңа саяси институттар құрылған жоқ. Сондықтан да Тоқтының билік ету құрылымы Бату билігіне ұқсас болды. Бату мен Тоқты орталық билікті институциональды тәуелді саяси институттар негізінде емес барлық ұлыс билігіне жеке тұлғалық харизмі мен мықты әскер мен беделі арқылы ықпал ету негізінде басқарды.

1323 жылы Өзбек хан болгар патшасына көмек ретінде әскерін жіберді. Шамамен осы уақытта ол Византия императорының қызы Баялун-қатынды (ол да Өзбек ханның өгей анасымен аттас болған) әйелдікке алды. 1330 жылы Өзбек ханның әскері румын билеушісі Бесабармен (ол Жошының ұлы Шибанның ұрпағы әрі Өзбек ханның туысы болған) және византиялық императордың әскерімен одақтасып, Сербия королі ІІІ Стефанның әскеріне қарсы соғыс ашады. Бірақ шайқас жеңіліспен аяқталған. Өзбек ханның әскері 1324 және 1337 жылдары Литва княздігіне шабуылдар жасаған. Литва княздігімен соғыс Өзбек хан үшін маңызды болды, себебі Өзбек хан тұсында литвалықтардан болып ордалықтар Смоленс маңындағы Волынь мен Киевті бақылау билігінен айырылған еді.

1332 жылы Өзбек хан астананы Ескі Сарайдан Жаңа Сарайға (Сарай әл-Жәдит) көшірді.

Өзбек хан қайтыс болғаннан кейін оның баласы Тыныбек аз уақыт таққа отырды, ол бауыры Жәнібектің қолынан қаза тапты. Жәнібек Тыныбекпен қоса таққа тағы бір мұрагер болған Қыдырбекті өлтірді.

Жәнібек хан ел басқарған тұста Өзбек хан іргесін қалап кеткен, интеллектуалды әлеуетті дамытуға бағытталған тенденция сақталды. Алтын Ордаға көптеген білімді адамдар тартыла бастады. Ал ол кезде озық білім иелерінің бәрі де мұсылман елдерінен кетіп, Жошы ұлысынан пана таба бастаған болатын. Жәнібек хан (1342-1357) өзінің әкесі Өзбек ханның саясатын жалғастырып, орталықтандырылған хан билігін күшейтті. Жәнібек қазақ әпсанасында дана, данышпан билеуші  Әз-Жәнібек есімімен қалған. Алтын Орданы осы хан билеген уақытта экономика мен мәдениет өркендеді. Әз-Жәнібектің есімі көптеген ертегіде, аңыз-әпсаналарда, эпостар мен халық әндерінде қазақ мемлекеттігінің алтын дәуірінің ақылгөй билеушісі ретінде көп кездеседі. Сонымен қатар Жәнібек хан орыс тарихында «мейірімді патша» ретінде сипатталады. Себебі әкесінен қарағанда Жәнібек хан өз тұсында орыс княздіктеріне шабуыл жасамаған болатын. 1357 жылы Жәнібек ханның ұлы Бердібек хан болды, алайда ол 1359 жылы қайтыс болды.

Өзбек хан билік басына келіп, өмірден өткенге дейін және  немересі Бердібек қайтыс болғанға дейінгі кезеңі – Алтын Орданың Алтын ғасыры саналады. Ол тұста экономика өркендеп, ұлы далада саяси тұрақтылық орнады, классикалық алтынордалық мәдениет дамыды.

Жошы Ұлысындағы алғашқы азаматтық соғыс (1359-1380)

1359 жылы Бердібек хан қайтыс болып, династиялық дағдарыс пайда болды. Бердібек хан өзінің туыстары Бату ұрпақтарының басым бөлігінің көзін жойды. Оның өлімінен кейін Бату ұрпақтарының билікке келу процесі тоқтады. Нәтижесінде жошылықтардың басқа ұрпақтарының билікке таласу мүмкіндіктері ашылды. Осы ретте тайпалық ақсүйектер айырықша билікке қолжеткізе бастады. Қият, қыпшақ, қоңырат сияқт тайпалар Жошы Ұлысындағы алғашқы азаматтық соғыстың негізгі қатысушылары болды.

Бердібек хан өлгеннен кейін оның әжесі қыпшақ тайпасынан шыққан Тайдулла қатын оның атынан билік жүргізу үшін  түрлі жошылықтарды таққа отырғызуға тарта бастады. Олардың бірі Қоңыраттан шыққан Нангудайды өлтірді. Нангудайдың балалары Хорезмде билеп тұрды. Олар әкелерінің өлімі туралы естіп Қызыр ханның амбициясына қолдау көрсетіп, олар бірлесіп Тайдулла мен Могул-бұқаға (оның туысы) қарсы шықты. Бұған дейін Қият ұрпақтары елордадан кетіп қалды. Қият Мамай Батысқа кетсе, ал оның немере ағасы Жир-Құтылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына қоныс аударды. Қоңыраттар қыпшақты талқандағаннан кейін, қияттықтар хан тағына таласқа түсті. Қият Мамай хан тағына өзінің қолшоқпары, Жошының ұлы Тұқа-Тимурды ұрпағы Абдулланы алып келді. Сол уақытта Оңтүстік Қазақстанда Жошы ұрпағы Ұрыс (Қазақ хандығның негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардың арғы атасы) Жир-Құтылыны өлтіріп, орнына хан болды. Жир-Құтылының ұлы Теңіз-бұқа өзінің жақтастарымен тақты тартып алғысы келді, алайда жошылықтар тобына қарсы тұра алмады. Осы оқиғамен қатар Батыс Сібірде Меңгу-Тимур хан болып сайланды. Ол өлгеннен кейін оның балалары мен немерелері арасында хан тағына талас басталды.

Азаматтық соғыстың нәтижесінде Ұлыстың тұтас территориясы бірнеше билеушінің бөлінісіне түсті. Жошы Ұлысының батысында Мамайдың қият партиясы мен Тұқа-Тимур ұрпақтарының жақтастары, ал орталығында Хорезм коңыраттарының қолдауымен Шибанид династисынан Қызыр хан билік құрды. Солтүстік-шығыстағы билікті Сибір Шибанидтері (Меңгу-Тимур хан ұрпақтары) жаулап алды. Оңтүстік Қазақстанды Қара-ноғай мен оның Тұқа-Тимурдан тараған туыстары басып алды. Ал оңтүстік-шығыстағы билік Ұрысқа өтті. 

Жошы Ұлысындағы барлық хандардың билік күштерінің тепе-теңдігі үнемі өзгеріп отырды, сондықтан ол ханықтарға жорықтағы әмірліктер деген атау берілді.

Түрлі бүліктердің салдарынан Жошы Ұлысының тағына 20 жыл ішінде 20-дан кем емес хан отырды. «Тақтар ойыны» алтынорталықтарды ауыр әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа алып келді. Осы дағдарыспен қатар келген әлемді жайлаған оба індеті қала өмірін одан әрі қиындатып, сауда-саттықты құлдыратты.

Алғашқы  соғыстың соңғы жылында билікке Тоқтамыс келді.  Ол Маңғышылақ билеушісінің ұлы болды. Оның әкесі Тұй Қожаны Ұрыс хан өлтірген. Сол кезде Тоқтамыс Темерланға барып қолдау алып, қысқа уақыт ішінде Жошы Ұлысындағы барлық хандарды жеңіп, Жошы Ұлысындағы жалғыз хан атанды.

Тоқтамыс пен Едіге тұсындағы Жошы Ұлысы (1380-1419)

1380 жылдары Қият Мамай Куликов алаңында болған шайқаста жеңіліп қалды. Бұл Мамайдың беделін түсірді және дәл осы жылы Тоқтамыс Мамайдың билігін соғыссыз тартып алды. 1380 жылы Калка маңында болған шайқаста Мамайдың әсерінің бөлігі таққа отыруға лайықты деп танылған Тоқтамыс ханның қарамағына өтіп кетті (себебі Тоқтамыс Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болса, ал Мамай қият тайпасынан шыққан)

1382 жылы Тоқтамыс  орыс князьдарының Алтын Ордағы төлейтін алым-салықтарын жаңадан алуды жүргізу үшін Мәскеуге жорыққа шықты.

1382 жылдың 24 тамысызда Тоқтамыс қалаға жетті. 26 тамызда Мәскеу Тоқтамысқа тізе бүкті. 1385 жылы Тоқтамыс Кавказ аймағына жорық жасап, алғаш рет өзінің бұрынғы серіктесі Темірланға қарсы шықты. Одан кейін Тоқтамыс әскері Темірланның билігіндегі жерлерге бірнеше рет шабуыл жасады.

1391 жылы Тамерлан Тоқтамысқа қарсы көп әскермен жорыққа шықты. Жорыққа шыққан Темірлан Қазақстан территориясымен жүріп, Ұлытауға табан тіреп, сол жерде тасқа өзінің таңбасын жазып қалдырды. Сосын ол өзінің әскерін Қазақстанның кең даласы арқылы алып жүрді. Көшпенді халық шапқыншылық туралы білді және Темірлан өзінің жолында бір де бір көшпенді елді-мекенді кездестірмеген.

Кондурч өзенінің бойында Тоқтамыс мен Темірлан әскерлері кездескен. Онда ауыр шайқас болып, соғыс Темірланның «қымбатқа түскен жеңісімен» аяқталды. Алайда Темірлан бұл жеңіске масайрамай, өз ордасына кері қайтты. Темірланның әскерінің ішінде Ақ маңғыт руынан шыққан Едіге атты ақсүйек қолбасшы болды. Ол Темірланға әскер жинап алып келуге уәде берді. Темірланның қолынан фирман алған Едіге өзінің маңайына бейбіт тұрғындарды жинай бастады. Алайда Едіге Темірланға берген уәдесінде тұрмай өзінің мақсатын жүзеге асырады. Едіге жаңа жақтастарымен бірге түбі Жошының ұлы Тұқа-Тимурдың ұрпақтарынан тараған өзінің жиені Тимур-Құтылықты билікке алып келеді.

Бұдан үлкен сабақ алған Темірлан Алтын Ортаға жаңа жорыққа аттанады. Ол жорықты Қазақстарнның жазық даласымен емес Кавказ арқылы бастайды. 1395 жылы Терек өзенінің бойында Тоқтамыс әскерімен бетпе-бет кездеседі. Темірлан Тоқтамысты күйрете жеңіп, Алтын Орданы қиратып, тонайды. Көптеген қалалар Темірлан жорығынан зардап шегеді. Темірлан кеткеннен кейін Тоқтамыс Едіге мен оның жақтастарымен шайқасады. Күші қатты әлсіреген Тоқтамыс Литва мемлекетімен одақ құрып, орыстардың барлық жерін олардың билігіне беруге келіседі. Осыдан кейін Тоқтамыс құрған одақ Едігеге қарсы тұрады. 1399 жылы Ворксл өзені бойында Едіге мен Тимур-Құтылықтың әскері Тоқтамыш пен Витовт (Литва билеушісі) әскерлерінің талқанын шығарады. Осыдан кейін Едіге өзінің  позисиясын мықтап нығайтты.

1399-1419 жылдары Алтын орданың «тақтар ойынында» басты саяси актер болды. Ол хан қылып көтеріп және құлатты, одақ құрды және көрші елдерге шабуылдар жасады. 1406 жылы Тоқтамыс хан Сібірде қайтыс болды. 1411 жылға дейін Едігенің билігіне ешкім қарсы тұра алмады, алайда 1411жылдан бастап 1419 жылға дейін ол жаңа саяси ойыншылармен күрес жүргізді. 1419 жылы Тоқтамыстың соңғы ұлымен болған шайқаста Едіге мерт болды. Едіге өлгеннен кейін Жошы Ұлысы толығымен құлап, кейін бірнеше хандықтарға бөлініп кетті.

Алтын Орданың ыдырауы (1419-1502)

1419 жылғы шайқаста Едіге мен Қадырберд (Тоқтамыс ханның кіші ұлы) мерт болғаннан кейін Жошы Ұлысында жаңа азаматтық соғыс басталды. Тоқтамыстың жақтастары Тоқтамыстың алыс туысы Ұлық Мұхаммедті таққа отырғызды. Ал Едіге жақтастары Жошының ұлы Шибанидің ұрпағы Қажы-Мұхаммедті хан деп сайлады. Жошы ұлысының кейбір бөлігінде өздерінің хандары пайда болып жатты. Тимуридтерге қашқан Ұрыс ханның немересі Барақ сұлтан жақтастарының көмегімен Ұлық Мұхаммед пен Қажы-Мұхаммедті жеңіп, Жошы Ұлысының ханы болады.

Осыдан кейін оған Барақтың жиені болып келетін Мансур бастаған Едіге балалары бағынды. Барақ Мансур мен Едігенің балаларын өлтіріп, оларға қарсы соғыс ашты. 1428 жылы Күшік Мухамедтің (Жошының ұлы Тұқа-Тимурдың ұрпағы) басшылығымен  Едігенің ұлдары Сұлтан-Махмуд, Қазы, Науруз Моголстан шекарасында болған шайқаста Барақ пен оның немере туысы Пуланың әскерін тас-талқан етеді. Барақ пен Пулад қайтыс болады. Олардың балалары Жәнібек пен Керей хандар біршама уақыт Моголстан аумағында қалып, сонда өседі. Олар бірнеше он жыл өткеннен кейін Қазақ хандығының негізін қалайды.

Жеңіске жеткен Едігенің ұлдары өзара жанжалдасып, келісімге келе алмайды. Басында Сұлтан-Махмуд қайтыс болады, біраз уақыт өткеннен кейін билікке таласушылар Қазыны өлтіреді. Осындай алауыздықтың салдарынан 1430 жылы Жошы Ұлысының шығыс бөлігі Әбілқайыр ханның билігіне өтеді. Ол елді 40 жылға жуық 1468 жылға дейін басқарады.

Әбілқайыр хан өз тұсында иелігін кеңейтіп және билігін нығайтып отырған. Ол 1430 жылдары негізінен Батыс Сібір территориясына билік жүргізіп келсе, уақыт өте келе өзінің билік ету аумағын кеңейтті. 1440 жылы оның иелігіне Оңтүстік Қазақстандағы қалалар кірді.

Бас кезінде Әбірқайыр ханды Едігенің немересі Ваккасом қолдап отырды және Ваккасомның көмегімен ол өзінің билігін нығайтты, алайда 1440 жылдың екінші жартысында Әбілқайыр Ваккасоммен келіспей қалып, оны биліктен айырды. Әбірқайыр хан Ваккасоммен әскермен соғысуға дейін барды.

1450-1460 жылдары Әбілқайыр Хорезм, Батыс Қазақстан, Төменгі Еділ бойы территориясын жаулап алды.

Осы кезде Жошы Ұлысының батысында өзара оқтын-оқтын шайқасатын Сейд-Ахмед, Ұлық Мухаммед және Күшік Мухаммед билік етті.

Сейд-Ахмед Тоқтамыштың алыс туыстары болып саналатын Бек-Суфидің ұлы. Оның иелігіне Украина мен Оңтүстік Ресей территориясы кірді. 1440-1450 жылдары Сейд-Ахмедтің ордасына шабуылдар жасалып, ол билігінен айырылды.

Ұлық Мухаммед өзіне көршілес жатқан жиі-жиі Қырымға шабуылдар жасап тұрды. Сәл кейінірек соғыста қатарынан жеңілгеннен солтүстікке, орыс князьдігінің солтүстік-шығыс және Булгар аумағына қарай шегінуіне мәжбүр болды. Кейін оның балалары бұл жерге билік жүргізді.

Барақты жеңген Күйік Мухаммед Еділдің төменгі жағындағы байырғы мекеніне оралды. Осы жерде ол Науруздан қолдау алып, өзінің билігін нығайтып жер аумағын солтүстік және батыс бағыттарында кеңейтті.

Бұл хандықтардың билік жүргізген аумағы кейіннен Жошы Ұлысында пайда болған жаңа хандықтардың шекараларын айқындады.

Жаңа құрылған хандықтар: Алтын Орданың мұрагерлері

1440-1480 жылдары нақты династикалық басқару тармақтары айқын тұрақты территориялық құрылымдар пайда бола бастады. Дәл осы кезде құрылған Алтын орданың орнына құрылған хандықтар өздерінің тәулсіздіктерін 18-ші, кейбірі 19-шы ғасырға дейін тәуелсіздіктерін сақтап қалды.

1445 жылы Ұлық Мумаммед пен оның ұлы Махмутек Қазанды жаулап алып, Қазан хандығын құрды. Кейін Махмутек әкесінен билікті тартып алып, Қазан ханы болды. Қазан хандығы 1552 жылға дейін өмір сүрді.

Ұлық Мумаммедтің басқа ұлы Қасым Мәскеу княздарының қолдауымен 1452 жылы Мәскеу княздігінің ішіндегі вассальды мемлекет болған Қасым  хандығын құрады. Қасым хандығы 1681 жылға дейін өмір сүрді.

1441 жылы ширин, барин, арғын және қыпшақ ақсүйектері Тоқтамыстың алыс туысы Қажы Гиреяны Қырым тағына отырғызды. Ол 1783 жылға дейін өмір сүрген Қырым хандығының негізін қалады.

Жошы Ұлысының орталығында Күшік Мухаммеджің ұрпақтары билік жүргізген Астрахан хандығы пайда болды. Хандық  1556 жылы ыдырап кетті.

Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін оның империясы құлап, орнына Ноғай ордасы, Сібір хандығы және Қазақ хандығы атты үш мемлекет құрылды.

Ноғай ордасында өзінің саяси дәстүрі қалыптасты. Хан билігін формальды түрде Жошы ұрпақтары алып, шындығында барлық билік Едігенің  ұрпақтарында болды. Ноғай ордасы 16-ғасырдың ортасында белгілі бір саяси дағдарысқа ұшырап, бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Үлкен Ноғайлы ордасының бір бөлігі 1634 жылға дейін өмір сүрді, сол кезде осы елдің халқы қалмақтардан қашып батыстағы Кіші Ноғайлы ордасына барып қосылды. 1598 жылы Үлкен Ноғайлы ордасының құрамында Жошы ұлысының мұрагер халықтарының бірі болып саналатын қарақалпақтар болды.

Сібір хандығы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін 1468 жызлы құрылды. Хандықты 1495 жыға дейін Жошының ұлы Шибанидің ұрпақтары басқарып келді. Осы кезден кейін хандық билігін Тайбугидтер әулеті тартып алды. Алайда араға 70 жылы салып шибанидтер өз билігін қайтарды. 1598 жылы Сібірдің соңғы ханы өлтірілді, алайда оның балалары бірнеше он жылдар бойы Мәскеу билігіне қарсы күресті.

1460 жылы пайда болған Қазақ хандығының құрылуы ұзаққа созылды. Қазақ хандығының соңғы ханы 1847 жылға дейін билік құрған Кенесары хан болды. Алайда бұл хандықтан кейін де Қазақстан аумағындағы Жошы ұрпақтары құрған бірнеше ондаған жыл өмір сүрген аймақтық кіші хандықтар құрылды.

Сонымен қатар айта кету керек, Әбірқайыр хандығынан тарап шыққандар кейін Орталық Азияны жаулап алып, Бұқара, Хивин хандықтарын құрды. Кейіннен 19-ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген Қоқан хандығы құрылды.  Жалпы алғанда Жошы Ұлысы Орталық Еуразия аймағының барлық этносаяси тарихына үлкен ықпал етті.

Материалды дайындағаны үшін PhD докторы, "ҰМҒТСО" АҚ вице-президенті Сабитов Жақсылық Мұратұлы алғысымызды білдіреміз