Орыс хан – Жошының ұрпағы. Оның бабасы Тұқа-Темір Жошының кіші ұлдарының бірі еді. 1260 жылы Жошы ұлысындағы бүлік кезінде Тұқа-Темір Қырымда өз атынан тыйындарды соғып шығарған билеуші. Кейін оның ұлы Ұран-Темір мен немересі (Ұран-Темірдің ұлы) Қырымды билеген. Ашық Тоқтыға қарсы Ноғай әскерінде шайқасқан. Орыс хан Ашықтың шөпшегі болып келеді.
Орыс ханның ертеде қайда болғаны туралы тарихи мәліметтер жоқтың қасы. 1350 жылы Вятка-Нократ иелігі құрыған уақытта Орыс Поволжья аумағынна Жошы ұлысының оңтүстік-шығыс аумағына көшуге бекінеді. Бұл уақытта Орыс хан аздаған жақтастарымен ғана көшіп-қонып жүрген. Әскери қақтығыстардың бірінде ол Қият руынан шыққан Жыр-Құтлұ атты жоғары лауазымды ақсүйектердің бірін өлтіреді. Жыр-Құтлұ Жошы ұлысының шығыс бөлігін билеп тұрған кез. Орыстың Жыр-Құтлұны өлтіріп тастағаны айналып келіп абырой-атағын аспандата түседі. Көп өтпей хан болып жарияланады. Бұл уақытта Жыр-Құтлұның ұлы Теңіз-Бұқа Сығанақты билеп тұрған. Бірақ оның билігін Қара-Ноғай тартып алады. Қара-Ноғай мен оның мұрагерлері Сығанақ пен оған жақын аумақта 1367-1368 жылдарға дейін билеп төстеді. Қара-Ноғайдың мұрагерлерінің бірі Мүбарак-Қожа Жошы ұлысының астанасында күрес бастап көргенімен өз күшін артық бағалап жіберген деседі. Одан кейін Сығанақтың билеушісі болып Қара-Ноғайдың бауыры - Құтлұқ-қожа келді. Дәл осы билеушіден Орыс хан тағын тартып алған болатын. Күші толысқан Орыс хан Сығанақты алады. Ал біршама уақыттан кейін Жошы ұлысындағы таққа таласқа түскен. Ол орталықтандыру саясатын жүргізіп, оның билігін мойындағысы келмеген вассалдардың бәрін өлтіреді. Сол кезде қаза болғандардың ішінде Жошы ұлысының болашақтағы ханы – Тоқтамыстың әкесі Тұй-қожа еді.
1370 жылдары Орыс Төменгі Повольжені жаулап алмақ болған. Алдымен Қажы-Шеркес атты Шибанитті жеңеді. Артынша сібірлік Шибаниттермен бітіспес күрес жүргізеді. Алайда бұл азаматтық соғыс түпкі ханның кім екенін айқындап бере алмады. Оның үстіне Тұй-қожаның ұлы Тоқтамыс Орталық Азияға ізін суытқан еді. Ол жерде Тоқтамыс әйгілі Әмір-Темір ханның қолдауына ие болды. Одан қолдау тапқан Тоқтамыс енді Орыс ханға қарсы соғыс ашады. Бірақ қай шайқас болмасын Тоқтамыс күйрей жеңіліп жататын. Сондай-ақ шайқастардың бірінде Орыс ханның үміт артқан ұлы Құтлұқ-бұқа көз жұмған. Ақыры Әмір-Темірдің өзі Орыс ханға қарсы аттануға бел шешеді. Бірақ Орыс хан оған жетпей қайтыс болған. Осылайша ұлы даладағы екі ұлы хан ұрыс даласында кезіге алмай қалды.
Қазіргі тарихшылардың көбі Орыс ханды Алаша ханға теңейді. Әртүрлі мәліметтерге сәйкес ол қазақтың алғашқы ханы, қазақ хандарының бәрінің атасы есептеледі. Алаша ханның кесенесі Ұлытауда – Жошы хан кесенесіне жақын жерде орналасқан.
Орыс ханның Қазақ хандары үшін символикалық маңызы зор. Сонымен бірге ол қазақтың алғашқы хандары – Жәнібек пен Керейдің бабасы саналады. Осылайша дәл осы Орыс ханды заманымыздың тарихшылары Қазақ хандығының бірінші ханы деп есептейді.