Жошы хан кесенесі ұлы қолбасшы әрі жаулаушы Шыңғысханның өзінің үлкен ұлы зиратының үстіне салын кесене. Жошы әлемге қаһарлы билеуші болып танылған Шыңғыс ханның сүйікті ұлы болған және жаулап алынған жерлерді бөлу кезінде жер мен атақ-абыройдың көп бөлігіне ие болған. Бірақ өкінішке қарай, ол шамамен 30-40 жас аралығында, Шыңғысханның өзінен жарты жыл бұрын аурудан көз жұмған. Дәл сол кезде осынай бірегей кесене салына бастаған. Кесененің кірпіші тіпті бүгінгі құрылысшылардың өзін таңғалдырады (ол кірпіштің қалай дайындалғаны туралы құпия ашылмаған, алайда оны қалау үшін қымыз араластырылып, қой майымен күйдірілген деген аңыз бар).
Кесене нысаны қуатты қақпалы құрылымнан тұрады. Төбесінен мыңдаған сәулелі күн нұры түскен кезде кесене тұрғызылған қызыл кірпіш ерекше реңге бояладаы. Кіре берісте сізді қыш тақташамен әрленген биік портал күтіп алады. Ал шыршалап қаланған қабырға нысанның монументалды сипатын ерекшелендіре түседі. Ішінен ежелгі тыныс сезіледі. Жарық ішке күмбездегі тесіктер арқылы енеді. Терезенің болмағанына қарамастан мұнда жап-жарық, үрейге жол жоқ – керісінше сабыр мен тыныштық сезіледі. Сол жақтағы баспалдақ арқылы жоғарыға шығып, биіктен мыңдаған жыл бұрын көшпелі бабаларымыз көргендей ұлы даланы тамашалауға болады.
Кесенеге баратын туристерге кеңес:
Ол жаққа экскурсиялық топ құрамында немесе өзіңіздің жеке автокөлігіңізбен баруға болады. Кесене Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында, Жезқазғаннан солтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым жерде немесе Сарыкеңгір совхозынан 12 шақырым жерде орналасқан. Экскурсиялық тур сіз үшін ол жерде 10 мыңнан 15 мың теңгеге дейін айналуы мүмкін. Ал егер өз көлігіңізбен барғыңыз келсе тіпті де аз ақша жұмсайсыз. Алайда мұндай жағдайда сіз гид айтып беретін осы орынның тарихы мен ел ішіндегі аңыз-әпсаналарды тыңдай алмайсыз.